«Холзан» жыртқыш құстарды мониторингтеу және реабилитациялау орталығында жыртқыш құстарды қолда ұстау мәселелері бойынша тағылымдама
2026 жылдың 18 сәуір мен 15 мамыр аралығында BR28712767 «Орал өңірінің экологиялық, әлеуметтік-демографиялық, экономикалық-географиялық, палеобиогеографиялық аспектілерін зерттеу және оның табиғи-ресурстық әлеуетін бағалау» ғылыми бағдарлама бойынша Ресей Федерациясы, «Холзан» Жыртқыш құстарды мониторингтеу және реабилитациялау орталығында ғылыми қызметкер Қабдрахимов Ә.А. жыртқыш құстарды қолға үйрету және көбейту орталығында ұстау мәселелері бойынша тағылымдамадан өтті.
Холзан - Ресейдегі жыртқыш құстарды оңалту, ұстау және өсіру бойынша ең ірі орталықтардың бірі. 2003 жылдан бастап олар жараланған, ауру және жетім қауырсынды жыртқыштардың жабайы табиғатқа оралуына көмектеседі. Кашино ауылындағы 2,5 гектар аумақта 200 — ге жуық құс -бүркіттер, сұңқарлар, үкілер және басқа да сирек кездесетін түрлер тұрақты өмір сүреді.
Тағылымдама барысында төмендегі тақырыптар бойынша Жыртқыш құстарды қолға үйрету және көбейту орталығында ұстау мәселелері бойынша практикалық тұрғыда келесі әдістер үйрену бойынша міндеттер орындалды: құстарды (соның ішінде жарақаттанғандар) көбейту орталығында ұстаудың гумандық әдістері; құстарды көбейту орталығында жемдеудің негізгі қағидаттары; үйретілген жыртқыш құстарды пайдалану; жыртқыш құстар жұмыртқаларын инкубациялау әрі қарай өсіру; сақиналау және әрмен қарай өсіруге жұптарға басып шығаруға отырғызу.




