2026 жылғы 14–19 мамыр аралығында BR28712767 «Приуралье өңірінің экологиялық, әлеуметтік-демографиялық, экономикалық-географиялық, палеобиогеографиялық аспектілерін зерттеу және оның табиғи-ресурстық әлеуетін бағалау» жобасы аясында Бөрлі және Шыңғырлау аудандарына Орал – Солянка өзені – Миргородка – Тұратбасы – Қыз емшек – Жыланды – Сұлукөл көлі маршруты бойынша далалық зерттеу экспедициясы жүргізілді. Экспедицияның құрамы: Кожагалиева Р.Ж., Кажмуратова Ж.С., Мамышева М.В., Бохорова С.Н.
Солянка өзені аңғарында шалғындық және борлы өсімдіктер жамылғысына сипаттама берілді.
Миргородка, Торатбасы, Қыземшек және Жыланды аумақтарында дала (селеулі, жусанды, бетегелі, мятликті) және петрофитті-кальцефитті өсімдік қауымдастықтары зерттелді. Түрлік құрамынан сирек кездесетін келесі түрлер анықталды: борлы ежовник, мутовкалы мытник, ірі гүлді копеечник, Корнух-Троцкий пупавкасы, жыңғыл жусаны, тау қырықбуыны, қырым астрагалы, қатты қалампыр, Мейер мордовнигі, қырғыз юринейі, көміргүлді көкбас, каспий феруласы, ірі тамырлы кермек, борлы зығырша, борлы смолевка, хош иісті левкой, қарапайым оносма, тікенекті нанофитон, төртқалқанды риндера, Мейер клоповнигі, көктемгі адонис, бұдырлы катран, екі масақты хвойник, Ленский қышасы, көпсабақты триния, тікенекті курчавка, Фишер птицемлечнигі, сондай-ақ қызғалдақ түрлері, дәрілік қаратамыр, мүйізжемісті астрагал, ұзынсабақты, жұмыржемісті және жіңішке жапырақты астрагал түрлері, көктемгі бозкілем тіркелді.
Сұлукөл көлі маңында сирек түрлер ретінде дәрілік қырлышөп, эфиопиялық шалфей, Фишер птицемлечнигі, су жалбызы және жолжапырақ тәрізді частуха анықталды.
Барлық зерттеу нысандары бойынша GPS координаттары алынып, кеппешөп және фотоматериалдар жиналды.








