БҚУ мамандары зияткерлік меншік және патенттік құқық бойынша біліктілігін арттырды

БҚУ мамандары зияткерлік меншік және патенттік құқық бойынша біліктілігін арттырды
2026 жылғы 25-26 маусым күндері Алматы қаласында Kazpatent-тің ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасындағы Патенттік құқық объектілерін құқықтық қорғау» атты екі күндік маңызды оқыту семинары өтті.
Бұл іс-шараға М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті Коммерцияландыру орталығының мамандары арнайы қатысып, зияткерлік меншік пен патенттік құқық саласындағы білімдерін жетілдіріп қайтты.
Екі күнге созылған семинар барысында қатысушылар келесідей өзекті тақырыптарды талқылады:
Ғылыми жобалар мен өнертабыстарды заңды түрде қорғау;
Халықаралық және отандық патент алудың тиімді жолдары;
Университет ғалымдарының еңбектерін коммерцияландыру (нарыққа шығару).
Мұндай маңызды оқулар біздің университеттегі жаңа ғылыми жаңалықтар мен инновациялық жобалардың құқықтық тұрғыдан сауатты қорғалуына және отандық ғылымның серпінді дамуына үлкен септігін тигізеді!