2026 жылғы 5 наурызда Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев өңірдің су тасқыны кезеңіне дайындық барысымен танысты. Осы мақсатта ол Бәйтерек ауданына барды. Аймақ басшысы бірнеше нысандарды аралап, тиісті іс-шаралардың қалай жүргізіліп жатқанын тексерді. Жағдайы елді мекендердің қауіпсіздігіне әсер етуі мүмкін объектілерге ерекше назар аударды.
Сапар барысында ол Бәйтерек ауданы Зеленое кентінің жанындағы Дерқұл өзенінде орналасқан М.Өтемісов атындағы БҚУ гидрологиялық бекетімен танысты. Бұл автоматты гидрологиялық бекет БҚО әкімдігінің қолдауымен ҚР ҒЖБМ-ң М. Өтемісов атындағы БҚУ-де академиялық және зерттеушілік артықшылық орталығын құру жөніндегі BR28712767 "Орал өңірінің экологиялық, әлеуметтік-демографиялық, экономикалық-географиялық, палеобиогеографиялық аспектілерін зерттеу және оның табиғи-ресурстық әлеуетін бағалау" жобасы бойынша ғылыми бағдарламасын іске асыру шеңберінде құрылды.
Дерқұл өзені су тасқыны қаупі бар деп саналады. Көктемде ол көбінесе жағалаудан шығып, жақын маңдағы елді мекендерге қауіп төндіреді. БҚО әкімдігімен және БҚО төтенше жағдайлар департаментімен бірлесіп өңірдегі су тасқыны жағдайына мониторинг және болжам жүргізілуде. Бұл гидропост су деңгейін, ағын жылдамдығын және су ағынын автоматты режимде бақылауға мүмкіндік береді. Ол сондай-ақ заманауи ғылыми зерттеулер жүргізу және болашақ мамандарды оқыту үшін қолданылады.
Бұл жоба университет ғылымының БҚО дамуына қосқан үлесі, өңірдің экологиялық тұрақтылығын қамтамасыз ету саласында озық технологиялар мен әзірлемелерді енгізудің үлгісі болып табылады.
Сілтемелер:
Жайық Пресс - Қамданған қапы қалмайды - https://zhaikpress.kz/kk/regionnews/kamdangan-kapy-kalmajdy/
В РЕГИОНЕ УСИЛИВАЮТ ПРОТИВОПАВОДКОВЫЕ МЕРЫ https://aqjaiyqtv.kz/ru/news/46771






