Маңғыстау облысының өрмекшілер фаунасы (Arachnida: Aranei) жөніндегі жаңа деректер, Қазақстан
С.Л. Есюнин, В.E. Ефимик, А.А. Нехаева, Л.В. Ким, В.А. Валуев, Ә.А. Қабдрахимов, Т.К. Тунева, К.М. Ахмеденов
Маңғыстау облысының өрмекшілеріне қатысты 84 түрден тұратын тізім келтірілген, олардың ішінде Dysderidae тұқымдасы және 39 түр алғаш рет тіркеліп отыр; бес түр Қазақстан аумағында алғаш рет анықталды, атап айтқанда: Argiope ahngeri Spassky, 1932, Uroctea grossa Roewer, 1960, Oxyopes badhyzicus Mikhailov et Fet, 1986, Evarcha nenilini Rakov, 1997 және Theridion arsia Zamani et Marusik, 2021. Қазақстан мен Маңғыстау облысы үшін жаңа болып табылатын барлық түрлердің таралуы талқыланады. Үш түр ғылым үшін жаңа ретінде сипатталды: Eresus mangyshlakensis sp.n. (♂), Lycosa kuryk sp.n. (♀), Xysticus utochkini sp.n. (♂). Жаңа синонимия анықталды: Minosia simeonica Levy, 1995, syn.n. = Minosia karakumensis (Spassky, 1939). Осы зерттеудің нәтижелері мен бұрын жарияланған деректер негізінде Маңғыстау облысында тіркелген өрмекшілердің жалпы саны 26 тұқымдасқа жататын 195 түрге дейін артты.
Мақалаға сілтеме:
Esyunin S.L., Efimik V.E., Nekhaeva A.A., Kim L.V., Valuev V.A., Kabdrakhimov A.A., Tuneva T.K., Akhmedenov K.M. 2025. New data on the spider (Arachnida: Aranei) fauna of Mangystau Oblast, Kazakhstan // Arthropoda Selecta. Vol.34. No.3. P.426–446. doi: 10.15298/arthsel.34.3.15
https://kmkjournals.com/journals/AS/AS_Index_Volumes/AS_34/AS_34_3_426_446






