2026 жылғы 24 маусым мен 3 шілде аралығында BR28712767 «Орал өңірінің экологиялық, әлеуметтік-демографиялық, экономикалық-географиялық, палеобиогеографиялық аспектілерін зерттеу және оның табиғи-ресурстық әлеуетін бағалау» бағдарламасын іске асыру шеңберінде дала қыранының балапандарын сақиналау, биометриялық деректер мен биоүлгілерді жинау, сондай-ақ Бөкейорда резерваты мен Ащыөозек қорығында және іргелес аумақтарда ұя салатын құсттар тобының қазіргі жай-күйін бағалау мақсатында экспедиция өткізілді.
Экспедиция кезінде 32 ұя тексерілді. 8 ұяда балапандар табылды (ұя салудың сәттілігі – 26,7%). Барлығы 7 ұядан 13 балапан сақиналанды. Сақиналау стандартты әдіс бойынша болат сақиналармен жүзеге асырылады. 10 дарадан биоүлгілер алынды. 3 жаңа ұя салатын учаске тіркелген, бірақ олардың пайда болуы белсенділіктің жалпы төмендеуін өтемейді.


















