BR28712767 ғылыми бағдарламасы бойынша метогеномдық зерттеулер үшін үлгілерді іріктеу жүргізілді

19.06 - 20.06.2026 ж. кезеңінде Батыс Қазақстан облысының (Орал қ., Теректі ауданы) аумағында BR28712767 "Орал өңірінің экологиялық, әлеуметтік-демографиялық, экономикалық-географиялық, палеобиогеографиялық аспектілерін зерттеу және оның табиғи-ресурстық әлеуетін бағалау" ғылыми бағдарламасы бойынша халықаралық далалық ботаникалық және генетикалық зерттеулер жүргізілді. Қабылтөбе кентінің айналасы, "Дубрава" қорығы, Воровская байрағы, Ахмадеев байрағы, Альпі байрағы, Сауркин яр зерттелді.

Бұл аймақ жоғары биоәртүрлілікпен сипатталады. "Дубрава" ботаникалық қорығы 1985 жылы құрылған. Қорық құрудың мақсаты- Жайық өзенінің сол жағалауындағы емен ағашын кәдімгі орманжаңғақ өсіндісімен сақтау. Ауданы 6 га және ол Теректі ауданы Қабылтөбе кентінің маңында орналасқан. Сондай-ақ, Жайық өзенінің жайылмасына іргелес жатқан байрақтар мен қоршаған даланың бір бөлігін қоса алғанда, аумақты 2,5 мың гектарға дейін ұлғайту және мемлекеттік қорық мәртебесін беру жобасы бар.

Далалық зерттеулерге биология ғылымдарының докторы Е. Е. Андронов та қатысты. Генетикалық метагеномдық зерттеулер жүргізу үшін өсімдіктер мен топырақ үлгілері таңдалды. Экспедицияның нәтижелері өңделеді.