Халықаралық палеонтологиялық ғылыми экспедиция, 14.05.-14.06.2026

2026 жылдың 14 мамыр мен 14 маусым аралығында BR28712767 «Орал өңірінің экологиялық, әлеуметтік-демографиялық, экономикалық-географиялық, палеобиогеографиялық аспектілерін зерттеу және оның табиғи-ресурстық әлеуетін бағалау» ғылыми бағдарлама аясында Қазақстанның Атырау және Маңғыстау облыстарында омыртқалы жануарлардың қазба қалдықтарын іздеу бойынша халықаралық палеонтологиялық экспедиция өтуде.

Экспедицияға М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің жас палеонтологтары, ғылыми қызметкерлері Берлигужин М. Т., Якупова Д. Б. және РҒА Зоологиялық институтының ғалымдары (Санкт-Петербург қ., РФ): Данилов И. Г., Звонок Е. А., Пантелеев А. В., Резвый А. С. қатысуда.

Біздің жас ғалымдарымыз үшін бұл палеонтология саласындағы танылған сарапшылардан озық білім мен практикалық тәжірибе алудың, палеонтологияны, стратиграфияны зерттеу үшін белгілі ғалымдармен бірге тәжірибе жасаудың бірегей мүмкіндігі, экспедиция шеңберінде ғылыми-қолданбалы жазғы мектептің бір түрі.

Экспедиция аясында қатысушылар Шолқара, Желтау, Керт, Багда, Моната және т.б. палеонтологиялық орындарға барды. Ғалымдар Атырау облыстық тарихи-өлкетану мұражайының, Әбіш Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану мұражайының мұражай қорларымен танысты.  Экспедиция барысында акулалардың тістері, балықтардың, тасбақалар, теңіз жыландары мен сүтқоректілер сүйектері жиналды. Бағдарлама аясында тасбақа материалдары үлкен қызығушылық тудырады, олар әртүрлі дәрежедегі бірнеше қаңқалармен және бөлшектелген, шашыраңқы қалдықтармен белгіленген. Бұл материалдар зертханалық жағдайда дайындалғаннан және зерттелгеннен кейін белгілі таксондардың: Dermochelyidae indet., “Allopleuron” qazaqstanense, Protrachyaspis shorymensis және  Tethychelys foveopalatus морфологиясы мен филогенетикалық жағдайы туралы мәліметтерді едәуір толықтырады. Басқа материалдарды зерттеу үшін омыртқалы жануарлардың нақты топтары бойынша мамандарды тарту қажет. Қазба материалдарын зерттеуді екі елдің палеонтологтары бірлесіп жүзеге асырады, материалдар ғылыми басылымдарда жарияланады.

2027 жылы ғалымдар аймақтағы экспедициялық зерттеулерді жалғастыруға ниетті. Батыс Қазақстан геоғылымдар мен палеонтология саласындағы жаңа жаңалықтардың аз танымал орталығы болып қала береді. Палеонтологиялық олжалар тарихқа дейінгі өмір туралы түсінігімізді кеңейтеді.