Академиялық және зерттеу артықшылығы бағдарламасы бойынша археологиялық зерттеулер: ескерткіштерді цифрландыру

20 сәуір мен 03 мамыр күндері аралығында Батыс Қазақстан облысы бойынша BR28712767 «Орал өңірінің экологиялық, әлеуметтік-демографиялық, экономикалық-географиялық, палеобиогеографиялық аспектілерін зерттеу және оның табиғи-ресурстық әлеуетін бағалау» ғылыми бағдарламасы шеңберінде далалық зерттеулер жүргізілді. Жұмыстарды М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің т.ғ.д., профессор М.Н. Сдыков, аға оқытушы, PhD Д.З. Сагидуллаев және Е.Е. Клышев жүргізді.

Экспедиция барысында археологиялық ескерткіштерді цифрландыру жүргізілді. Экспедиция Батыс Қазақстан облысының Бөрлі, Теректі, Бәйтерек аудандарының аумағында ұйымдастырылды. Цифрландыру жұмыстары Бөрлі ауданындағы ерте темір дәуіріне тиесі Қырықоба-1, Қырықоба-2 обаларында, Теректі ауданында қол дәуірінің Кресты қонысында, Бәйтерек ауданындағы ерте темір дәуіріне тиесілі бірнеше обаларда және ортағасырлық Жайық қалашығында ұшқышсыз ұшу аппараты арқылы ескертіштеді 3D моделдеу, рельефтік картасын жасау мен ортофотопландық түсірімдері алынды. Цифрландыру жұмыстары әрі қарай жалғасын табатын болады.